
Көші-қон қызметі комитетіне түсетін азаматтардың өтініштері арасында заңсыз көші-қон фактілері туралы да хабарламалар бар.
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры М.Кабденов атап өткендей, жыл басынан бері заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 45 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, ол жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы өтінішті азаматтардың «Электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/cms/ru/services/e_app) немесе Ішкі істер министрінің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/32771/welcome) арқылы беруге мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Бұл ретте толық жеке және байланыс мәліметтерін (электрондық цифрлық қолтаңба, электрондық пошта мекенжайы, ұялы телефон нөмірі және т.б.) көрсету қажет.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарына тәуліктің кез келген уақытында «102» жедел телефонына қоңырау шалу арқылы тікелей байланысуға мүмкіндік бар. «102» операторына түскен құқық бұзушылықтар туралы барлық мәліметтер міндетті түрде тіркеледі және Жедел басқару орталығының Автоматтандырылған бағдарламалық кешені базасында сақталады.