ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Көші-қон заңнамасының жеңілдету туралы ақпарат

    

        Ағымдағжылдың 13 мамырындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен қарастырылған Жол картасы аясында жаңа норма енгізілді, бұл этникалық қазақтарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және жеңілдетілген тәртіпте азаматтыққа қабылдауға құжаттарды бір мезгілде тапсыруға мүмкіндік береді, бұл құжаттарды қарау мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқартуға жол береді.

 

     Анықтама үшін: заң жобасы қабылданғанға дейін этникалық қазақтар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін, ең алдымен, Қазақстанда тұрақты тұруға қалдыруды ресімдеген (мерзімі - 2 ай), содан кейін тұруға ықтиярхатты ресімдеді (мерзімі - 1 ай), тек содан кейін ғана олар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға құжаттарды берді ( мерзімі - 3 ай). Яғни, Қазақстанға келгеннен бастап азаматтықты алуға дейінгі жалпы мерзім 6 айды құрады.

 

       Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізіліп жатыр (ХҚКО ЫАЖ, ЕХӘҚМ «Оралман» ЫАЖ, ІІМ КҚП АЖ, ҰҚК Бүркіт БАЖ). 

        Этникалық қазақтарға «бір терезе» принципі бойынша композиттік көрсетілетін қызметті іске қосу осы жылдың соңында жоспарланған. Бұл ретте, композиттік қызметтерді көрсету мерзімі 3 айды құрайды. Бұл мерзімге бір айға созылатын ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтыққа қабылдау туралы өтініш білдірген адамдарды міндетті тексеруі кіреді.

 

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы