
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Мәдениет министрі Мұстафа Ар-Рауашдехпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастардың дәйекті дамуына ризашылықтарын білдірді. Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде концерттер, көрмелер, фестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізуге мәселелеріне ерекше назар аударылды.
М.Ар-Рауашдех екі елдің өнер қайраткерлерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізуге және әдеби алмасуды кеңейтуге, оның ішінде қазақ және араб әдебиеті шығармаларын өзара аудару мен басып шығаруға қызығушылық танытты. Екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, ол 2027 жылы Қазақстанда Иорданияның Мәдени күндерін өткізуге дайындығын жеткізді.
Елші Министрге Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы ақпарат беріп, олардың саяси жүйені әрі қарай жаңғыртудағы, мемлекеттік басқаруды жетілдірудегі және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтудегі маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды әрі қарай нығайтуға ықпал ететін мәдени-гуманитарлық бастамаларды қолдауға өзара дайын екендіктерін растады.