
Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Қытай өндірушілері қауымдастығының Бас атқарушы директоры Ида Нгпен кездесті.
Тараптар Гонконг қытай өндірушілері қауымдастығы делегациясының биыл 19-21 қазанға Қазақстанға жоспарланған сапары сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталғанына назар аударды.
Гонконгтық тарап Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерттеуге және машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым секторларда ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отырғанын растады.
Сапардың негізгі мақсаты – коммерциялық серіктестік орнату, сондай-ақ «hub-to-hub» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру үшін Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарымен және іскер топтарымен тікелей байланыс орнату болып табылады. Бағдарлама аясында бизнес-форум және екіжақты B2B келіссөздерін өткізу жоспарланған.