
Гонконгта өткен АСЕАН кинофестивалінде қазақстандық «Бақыт құшағында» атты музыкалық фильмінің көрсетілімі өтті.
Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов киноөнері тілінің мәдени дипломатияның бірегей құралы екенін атап өтіп, мұндай ауқымды фестивальге Қазақстанның қатысуы халықтар арасында жанды диалог орнатуға және халықаралық аудитория үшін заманауи қазақстандық кинематографияның жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Көрермендер фильмнің ұлттық колоритін, эмоционалдық тереңдігін және жасампаздық идеясын жоғары бағалады.
Шығармашылық жоба көрермендерге Қазақстанның бай мәдениетін таныстырып, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.