
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафиннің Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Али Зардаримен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қазақ-пәкістан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, оларды нығайту бағытында қол жеткізілген елеулі нәтижелерге жоғары баға берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы ақпанда Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарына ерекше назар аударылды. Аталған сапар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға қосымша серпін берді.
А. Зардари Қазақстанның екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Пәкістанның өзара мүдделі барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екенін растады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 10 тамызда, Қазақстан Республикасының Елшісі Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті. Кездесу барысында Премьер-министр де қазақ-пәкістан қатынастарының қазіргі жағдайына жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.