Қазақстан мен Қытай өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қытай өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Үрімші, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) әкімшілік орталығы Үрімші қаласына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Ә. Бақаев Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі, ҚХР ШҰАА Партия комитетінің Хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Шынжаң Халық үкіметі арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын талқылады, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға уағдаласты.

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Үрімші қаласындағы ҚР СІМ Паспорттық-визалық қызметінің жұмысымен танысты.