СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 3 қыркүйек – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады.

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.