




Астана, 14 қараша, 2017 жыл – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдауымен Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық форматында тәжірибе алмасу бойынша «ТДМ мәнмәтінінде Африкада экономикалық әртараптандыру және индустрияландыру» тақырыбында төрт күндік Симпозиум ашылды. Іс-шара Африка елдеріне өз мемлекеттерінде құрылымдық өзгерістердің оңтайлы бағытын пысықтауға көмек беру үшін ТДМ жүзеге асыру саласындағы үздік тәжірибелерді зерттеу және тәжірибе алмасу бойынша платформасы болып табылады.
Симпозиумға 43 африкалық елдердің, зерттеу орталықтары мен басқа да даму институттарының өкілдері қатысуда.
Іс-шара аясында қатысушылар Арнайы экономикалық аймаққа барып, онда Қазақстанда құрылымдық өзгерістерді ынталандыратын кәсіпорындарға оқу туры ұйымдастырылады.
Симпозиумның ашылуында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев сәлемдеме сөзін айтып, африкалық аймақтың дамуына еліміздің қосқан үлесін және Қазақстанның Африка құрлығы елдерімен ынтымақтастығының болашағын атап өтті. Ол симпозиум тау өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, корпоративтік жоспарлау, тасымалдауды басқару, ақпараттық технологиялар сияқты салаларда тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болатынын атап өтті.