Қазақстан Конституциясы: қазіргі қоғам дамуының негізі

Қазақстан Конституциясы: қазіргі қоғам дамуының негізі

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 28 тамыз – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституциялық құндылықтар жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін қоғамды топтастырудың құқықтық негізі ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысты.

Қазақстандық дипломат бейнеконференциядағы сөзінде мемлекеттің 25 жыл ішіндегі сыртқы саяси жетістіктері – бұл Конституция мен оның негізінде қабылданған халықаралық заңнама қолданысының нақты нәтижесі екенін атап өтті. СІМ-нің барлық конституциялық талаптарға жауап беретін шарт-құқықтық базасы ұлттық мүдделердің барлық спектрін және неғұрлым өзекті халықаралық проблемаларды қамтитын көпжақты және екіжақты ынтымақтастық форматындағы 3700-ден астам халықаралық шарттарды қамтиды.

Конференция барысында біздің мемлекеттілігіміздің сенімді іргетасын қалап, Конституция Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосатыны атап өтілді.

Мерейтойлық конференция Негізгі Заңның қабылдануының бастауында тұрған мемлекет қайраткерлерін, ғалымдарды, конституционалистерді, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың басшыларын, азаматтық қоғам өкілдерін біріктірді.