Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті.

Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған қазақстандық азаматтарды әлеуметтік оңалту және реинтеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар жұмыс байланыстарын одан әрі қолдау туралы келісе отырып, ағымдағы өзара іс-қимылдарға қанағаттығын білдірді.