
АСТАНА, 2017 жылғы 14 қараша – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың «Астана клубындағы» сөзі Қазақстанның қазіргі таңдағы еуразиялық саясатының негізгі бағыттарына арналды.
«Қазақстан тәуелсіз ширекке өзіне сенімді мемлекет болып өтті. Белсенді және көпвекторлы сыртқы саясат Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған қазақстандық қоғам өмірінің түрлі салаларын кеңінен жаңғыртуын толықтырып отыр», - деп айтты СІМ басшысы.
Министрдің пікірінше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыты ғаламдық пен өңірлік архитектураның қайта құрылуының және көпполярлы әлемнің орнықсыз сипатта қалыптасуының аясында өтуде. Мұндай жағдайда қазақ дипломатиясы «стратегиялық» байсалдылыққа, шиеленісті бәсеңдетуге, айқын айырмашылықтарды құрметтеу мен ортақ мүдделерді өсіру негізінде сенім шараларын бекемдеуге шақырады.
«Әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүше мәртебесінде және түрлі дауларда делдал ретінде көз жеткізіп отырғанымыздай, ұзақ мерзімді тұрғыда әлемге ғаламдық басқару жүйесін реформалау қажет. Табиғатта бар универсалды институттарды XXI ғасырдың талаптарына тиянақты сәйкестендірусіз жүйе бұл ғасырдың соңына дейін жетпеуі мүмкін. Шамалы ұмытылған «қайта жүктеу» термині өзектілігі қайтадан жандандырылуда. Қазақстан Президенті де бұл тақырып бойынша ең жоғарғы трибуналардан шығармашылық және прагматикалық сипатта бірнеше рет айтқан болатын. Әлемдік мәселелерді шешу бойынша Н. Назарбаевтың қөзқарасы «Әлем. XXI ғасыр» бағдарламалық манифестінде сипатталған», - деді Қ. Әбдірахманов.
Министр қазіргі таңдағы Еуразиядағы ахуалдың бірқатар маңызды аспектілерін атап шықты. Ол «еуразиялық сәттіктің хикаясы» транзиттік-көліктік және логистикалық әлеуеттің жан-жақты дамуының негізіндегі өзара ықпалдастықтың күшеюіне тікелей тәуелді деген пікірін білдірді. Еуропа мен Азия арасындағы «көпір» ретінде орналасқан Қазақстан іс-жүзіндегі бірлескен қызметке әрдайым ашықтығын сақтайды. Өз кезегінде, еліміз теңіз, темір жол мен автокөліктік инфрақұрылымын дәйекті түрде жаңғыртуда.
«Әлбетте, реалисттігімізді сақтай отырып, өңірдегі ірі акторлардың барлығы өздерінің айқын және әділ мүдделерін көздейтінін түсінеміз. Қазақстанның Еуразиядағы саясатының мақсаты – басты акторларының қуаты даму мәселесінің бірінші кезектегі міндеттерін орындауға бағытталған халықаралық ортаны құру», - деп белгіледі Қ. Әбдірахманов. Мысалы, экономикалық сатыда Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Еуропалық Одақ пен азиялық интеграциялық бірлестіктердің арасында институционалдық байланыстардың орнатылуы жемісті болар еді.
Сонымен бірге, Министрдің ойынша, еуразиялық жобалардың сәттілігі Орталық Азиядағы ынтымақтастық күйіне едәуір тәуелді. Трансконтиненталдық мега жобалардың іске қосылуы мен ішкі тұрақты дамудың талаптары Орталық Азия мемлекеттерін еуразиялық тақырыпқа деген қатынастарын айтарлықтай қайта қарастыруға итермеледі. Қазіргі Орталық Азияда тығыздырақ әрекеттесуге ниеттілікті айғақтайтын жаңа өңірлік энергия басым болып келетінін айтып шықты Қазақстан СІМ-нің басшысы.
Астана клубының мүшелері Президент Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру, терроризм және экстремизммен күрес, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мен оны реформалау бойынша халықаралық бастамаларын жүзеге асыру барысымен таныстырылды.