НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 19 тамыз – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайллерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен Аустрияға болған сапарлар туралы пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты сипаттағы іс-шаралар жоспарларымен бөлісті.
Дипломаттар тараптардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға деген өзара ынталарын атап өтті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге қазақстан-аустриялық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту ісіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.
Елші қазақстан-аустриялық екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша берік және сенімді қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.