
НЬЮ-ЙОРК, 2017 жыл 21 қараша - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Дағдарыс жағдайда адам саудасы» ашық пікірталас өтті. Бұл іс-шарада БҰҰ ҚК мүше мемлекеттері Италия тарапы ұсынған 2388 қарарды бірауыздан қабылдады. Аталмыш қарар әсіресе дағдарыс жағдайда орын тапқан адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін, болғандарды қатаң жазалауға және бақылауға алуға шақырады.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш, БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов, Әсіресе әйелдер мен балалар бойынша Адам саудасына қатысты арнайы баяндамашы, Мария Гиаммаринаро және Африка одағының бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша комиссары Смаил Шерги өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Бұл пікірталасқа 50-ге жуық БҰҰ мүше мемлекеттері, сондай-ақ Еуропалық одағы, Еуропадағы қауіпсіздік және ыңтымақтастық ұйымы және Халықаралық көші-қон ұйым өкілдері қатысты.
Қауіпсіздік Кеңесінің мүше мемлекеттері адам саудасының құрбандары жыныстық қанаушылыққа, еріксіз еңбек етуге, құл ретінде пайдаланатындығы және олардың ішкі ағзаларын саудаға салатындығы туралы мәлімдеді. Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына және Адам саудасының алдын алу жөніндегі хаттамасына қосылуға, сондай-ақ оны орындау қажеттілігі туралы үндеу айтылды.
ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдің бірінші орынбасары Барлыбай Садықов өз сөз сөйлеуінде БҰҰ мүше мемлекеттерді адам саудасына қарсы күресте шұғыл іс-әрекеттерді, соның ішінде ұлттық заңнамаларды жетілдіру, трансшекаралық бақылауды күшейту, қылмыстық активтерді оқшаулау, халықаралық және аймақтық ыңтымақтастықты нығайтуға шақырды. ДАИШ, «Боко харам», «Аш-Шабааб» және басқа лаңкестік ұйымдар адам саудасын және жыныстық зорлық-зомбылықты террор құралы және кіріс көзі ретінде қолданатындығы туралы айтты.
Еліміздің бастамасы Алматы процесі – жүйелі түрде жыл сайын БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық көші-қон ұйымдарының ыңтымақтасты нығайтып, аумақтағы 9 мемлекеттің адам саудасымен күрестегі күш-жігерлерін біріктіреді.
Қазақстан, адам саудасына қарсы күресте біріккен Достар тобының мүшесі ретінде құлдықтың қазіргі замаңғы осы түріне қарсы тұруға бағытталған барлық халықаралық күш-жігерлерді қолдайтындығы, сондай-ақ бүкіл әлем мемлекеттерін адам саудасына қарсы күрес бойынша Жаһандық іс-қимыл жоспарын толық және тиімді түрде іске асыруға шақырды.