
Астана, 2024 жылғы 22 қазан – Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жолимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ өзара мүдделі іс-қимыл перспективаларын белгіледі.
Министрлер Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға дайын екенін білдірді.