



Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Сыртқы істер министрлігінің ұжымы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында өткізілген танысу экскурсиясына қатысты.
Экскурсия барысында дипломаттар және олардың отбасы мүшелері «Тәуелсіздік жолында», «Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы», «Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін қоғамның мойындауы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» экспозицияларымен таныстырылды. Мұражай қызметкерлері Тұңғыш Президенттің қоғамдық жұмыстары, оның ғылыми еңбектері, кітаптары, сыйлықтар мен марапаттар топтамалары сондай-ақ егеменді Қазақстан тарихына және Тұңғыш Президенттің өмірі мен мемлекеттік қызметінің кезеңдеріне арналған басқа да материалдар туралы әңгімеледі.
Бүгін мұражай еліміздің және халықтың мәдени өмірінде айрықша орын алатын тамаша оқиғаларды зерттеуге ықпал етеді.