Бразилияның Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

Бразилияның Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

Астана, 2024 жылғы 18 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Елшісі Марсель Фортуна Бьятодан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерді талқылады.

Дипломаттар жоғары және ең жоғары деңгейде байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, 2024 жылғы 9-10 қазанда Порту-Алегри қаласында (Бразилия) өткен Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысының нәтижелерін қошеметтеді.

Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді диалогты дамытуға келісті.