Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Будапешт, 2024 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Тамаш Шүйокке сенім грамоталарын тапсырды.

«Шандор» президенттік сарайында салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесу барысында қазақ дипломаты Мажарстан Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен бірге тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап өтті.

Кездесу соңында Елші екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді. Мажар Президенті өз тарапынан дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.