Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады

Сауд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында Қазақстан – Сауд Арабиясы ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды.

Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.