Канада Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Канада Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Астана, 2024 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Канаданың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кристофер Дагганнан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар мәселелеріне, сондай-ақ канадалық компаниялардың Астана қаласына және ү.ж. қыркүйек айында Алматы қаласында  өтетін KIOGE көрмесіне іскерлік миссиясына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты кеңейту және іскерлік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.