
Астана, 2024 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестірді».