Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Тирана, 2024 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Елшісі Искандер Айсариев Албания Президенті Байрам Бегайға сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Албания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын айтып, екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе туризм, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенімен келісті.

Кездесу соңында Албания Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен жылы құттықтап, қазақ-албан қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда үлкен табыстар тіледі.