Финляндияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Финляндияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Астана, 2024 жылғы 6 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Янне Хейсканеннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

А.Рахметуллин Қазақcтан мен Финляндия саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынын атап өтті.

Тараптар екіжақты серіктестіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, сауда-инвестициялық байланыстарға ерекше назар аударды.

Дипломаттар халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де талқылады.

Кездесу соңында А.Рахметуллин Финляндия Елшісіне Қазақстандағы миссиясының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.