Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын табыстады

Амман, 2024 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Королі Абдалла II ибн Әл-Хусейнге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін «Рагадан» корольдік сарайында Хашимит Корольдігі монархында ресми қабылдау өтті.

Иордания Королі Елшіге Қазақстан-Иордания қатынастарын нығайту бағытында табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Кездесуден кейін Елші Корольдік сарайдың қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.

Сонымен қатар Елші Хашимит Корольдігінің негізін қалаушы Король Абдалла I ибн Әл-Хусейн, Король Талал ибн Абдалла және Король Хусейн ибн Талалдың қабірлеріне гүл шоқтарын қойды.