Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2024 жылғы 16 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ү.ж. тамызда Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша аса жоғары деңгейде қол жеткізілген Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.