Қазақстандағы Латвияның Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады

Қазақстандағы Латвияның Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 20 шілде – Біздің елдегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Латвия Республикасының Елшісі Юрис Погребняксты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдады.

М.Тілеуберді екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында латыш Елшісінің жемісті істер атқарғанын атап өтті. Оның жарқын куәсі Қазақстан мен Латвия арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қарқындылығының артуы болып табылады.

Өз кезегінде, Латвия Елшісі Рига үшін Нұр-Сұлтанмен барлық бағыттар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық және гуманитарлық салада өзара ынтымақтастықты кеңейту басымдығын жеткізді.