
НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 16 шілде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықовтың Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовпен оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесуі өтті.
Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Беларусь Елшісіне көп жылғы бірлескен жұмысы үшін және екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Беларусь Елшісі А.Ничкасов «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» естелік медалімен марапатталды.