Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз тоғызыншы отырысын өткізу туралы

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз тоғызыншы отырысын өткізу туралы

Алматы, 2024 жылғы 17-21 маусым – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз тоғызыншы отырысы өтті.

Тараптар шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау бойынша жұмысты жалғастырып, 2024 жылға арналған далалық демаркациялық жұмыстардың жоспарына түзетулер енгізді, сондай-ақ мемлекеттік шекараны оның кейбір аумақтарында белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы шілде айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.