Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы туралы

Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы туралы

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 8 шілде - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Швейцарияның Сыртқы істер Мемлекеттік хатшысы Кристина Марти Лангпен телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сұхбат барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Швейцарияның беделді халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ COVID-19 және оның салдарымен күрес бойынша күш-жігерді үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.

Сөйлесу Швейцария тарапының бастамасы бойынша өтті.

Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі, Қазақстан экономикасына көлемі жағынан үшінші инвестор болып табылады және сауда серіктестеріміздің алғашқы ондығына кіреді.