Қазақстандық дипломатия күні

Қазақстандық дипломатия күні

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 2 шілде - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай жаңа дипломатиялық дәрежелер мен ҚР Президентінің Құрмет грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Министр Мұхтар Тілеуберді қазақстандық дипломатияның қалыптасуы мен нығаюына атсалысқан дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ведомстволық наградалар табыстады.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өтті.
Кезекті дипломатиялық ранг пен наградалар шетелде жұмыс істейтін дипломаттарға да берілді.