
Алматы, 2024 жылғы 15-19 сәуір – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз жетінші отырысы өтті.
Комиссия демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісу және бекіту бойынша жұмысты жалғастырды.
Тараптар мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін оның әртүрлі аумақтарында белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы мамырда Ресей Федерациясының аумағында өтеді.