Алматыдағы БҰҰ Өңірлік орталығын ашу туралы Қазақстанның бастамасы Түрікменстанда жарияланды

Алматыдағы БҰҰ Өңірлік орталығын ашу туралы Қазақстанның бастамасы Түрікменстанда жарияланды

2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың жетекшілігімен ҚР делегациясы Халықаралық бейтараптылық күні мен Орталық Азия үшін алдын-алу дипломатиясы бойынша БҰҰ өңірлік орталығының (ОААДӨО) 10-жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Іс-шаралар бағдарламасына «Бейтарап саясаты мен халықаралық қатынастарындағы алдын-алу дипломатиясы: Түрікменстанның тәжірибесі мен оның мағынасы» және «ОААДӨО: өңірдіңбейбітөмір сүру менгүлденуі мақсатында Орталық Азиямен 10 жылдық ынтымақтастығы» атты конференциялар кірді.

Өз сөзінде Е. Ашықбаев түрікмен тарапын Түрікменстанның тұрақты бейтараптылығының 22-жылдығымен құттықтап, өңірдегі елдердің БҰҰ мен ОААДӨО-мен іс-әрекеттілігінің маңыздылығын ерекше атады. Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақсыз мүшелігі контекстінде, қазақстандық дипломат конференция қатысушыларын ОА елдері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесетін Алматы қаласында БҰҰ Өңірлік орталығын ашу жөніндегі Қазақстанның бастамасымен таныстырды.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы Орталық Азия елдері мен Ауғанстансыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты.

«Өңірдегі ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер» сессиясында сөз сөйлеп, Е.Ашықбаев экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларда тығыз өңірлік іс-әрекеттілігінің қажеттілігін атап өтті.

Оған қоса, ол 2017 жылғы 18-19 сәуірде Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша жаңа сапалы стратегиялық деңгейге шыққан Қазақстан-түрікмен ынтымақтастығына жете тоқталды.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар қорытынды Декларацияны қабылдады.