Қазақстан Сыртқы істер министрі Армения Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Армения Елшісін қабылдады

Астана, 2024 жылғы 5 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Елшісі Армен Гевондянды қабылдады.

Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ 2024 жылғы 17-18 наурыз кезеңінде Министрдің Ереванға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы талқыланды.

Сонымен қатар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралар кестесі қаралды.

Тараптар өзара қарым-қатынастардың кең ауқымы бойынша ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.