Қазақстан мен Кипр СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Кипр СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2024 жылғы 4 сәуір – Кипр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар Кипр министрінің Астанаға жақында болған ресми сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Министрлер сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.