Аустралияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Аустралияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Астана, 2024 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанда қоса қызмет атқаратын Аустралияның Елшісі Джон Гирингтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Ә.Бақаев Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын Қазақстан мен Аустралия арасындағы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Аустралия арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.