Астана, 2024 жылғы 23 ақпан – ЮНИСЕФ, Еуропалық одақ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бірлескен бағдарламасы аясында Үйлестіру жұмыс тобының Еуроодақ және БҰҰ-ның қолдауы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне арналған қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарына қолдау көрсетудің екінші компоненті жөніндегі отырысы өтті.
Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Орталық Азия елдері үшін де, бүкіл әлем үшін де бірегей «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларын жүргізгеннен кейін Қазақстан Үкіметі мен үкіметтік емес сектор біздің азаматтарымызды, оның ішінде балаларды оңалту және реинтеграциялау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтті. «Сондай бірегей тәжірибе басқа елдер үшін пайдалы болар еді және проблемды өңірлерде қайталануы мүмкін», – деп атап өтті Қ.Омаров.
Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас балалардың қоғамға сәтті бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған ЮНИСЕФ, Еуропалық одақ және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың оң нәтижелерін көруге қуанышты екенін атап өтті.
Брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қолдау жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруының негізгі барысын атап өтті. Осылайша, бағдарлама аясында қақтығыс аймақтарынан оралған отбасылар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін 130 қазақстандық маман оқытылды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында оралған әйелдер мен балалармен жұмыс істейтін осындай мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша Ұлттық ресурстық орталық құрылды.
ЮНИСЕФ өкілдері 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламаның екінші компоненті бойынша жұмыс жоспарын белгіледі. Іс-шараға қатысушылар қақтығыс аймақтарынан оралған балаларға көмек көрсетумен қатар, барлық осал балаларды сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесін нығайту мәселелерін талқылады.
«Жусан» және «Русафа» операцияларын жүзеге асыру барысында барлығы 526 бала қайтарылды.