ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының штаб-пәтеріне барды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының штаб-пәтеріне барды

Астана, 2024 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевтың шақыруымен академияның штаб-пәтеріне барды.

Ә.Бақаев Академияның ғылыми еңбектерімен, сондай-ақ оның музейі мен кітапханасымен танысты.

Тараптар кездесу барысында Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезеңіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сонымен қатар, Академияның жобалары мен орта мерзімді жұмыс жоспарларын талқылады.

Анықтама: Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды.

Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия.

Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.