
Бейжің, 2024 жылғы 29 қаңтар-1 ақпан – Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінің басты мәселелері саясат және қауіпсіздік, сауда және экономика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бірлескен шешімдерді әзірлеу болды.
Қазақстанның ұлттық үйлестірушісі 2024 жылы ШЫҰ-ның негізгі іс-шараларын Қазақстанның төрағалығымен дайындау және өткізу туралы хабардар етті.
Қазақстанның ұсынысы бойынша ШЫҰ-ның стратегиялық даму бойынша құжаттарын келісу, сондай-ақ ағымдағы өңірлік және халықаралық проблемаларды реттеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жалғастырылды. ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі Даму стратегиясы жобасын және «Әділетті ғалам мен келісім үшін әлем бірлігі туралы» ШЫҰ-ның бастамасын пысықтауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Ұлттық үйлестірушілер Ұйым қызметін жетілдіру, нормативтік-құқықтық базаны нығайту, ШЫҰ-ның басқа да халықаралық және өңірлік бірлестіктермен ынтымақтастығын кеңейту бойынша бірқатар практикалық ұсыныстарды қарастырды.