Қазақстан СІМ басшысы Душанбедегі қазақ жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстан СІМ басшысы Душанбедегі қазақ жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Душанбе, 2023 жылғы 26 қаңтар – Тәжікстан Республикасына ресми сапарының екінші күні Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің монументіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстандық батырларды еске алуға іс-шарасына тәжік тарапының өкілдері, оның ішінде Тәжікстанның МҰҚК Шекара әскерлерінің ардагерлері мен зейнеткерлері кеңесінің төрағасы генерал-лейтенант Сафарали Сайфуллоев, сондай-ақ елордалық мэрия басшылығы келді.

Қазақстанның Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе қаласының басшылығына монументке ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтып, азаматтарымыздың ерліктерін есте сақтауда одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Анықтама: 2007 жылы Мәдениет және демалыс Абулькасим Фирдавси атындағы саябағының аумағында салынған ескерткіш, тәжік-ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету бойынша әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан сарбаздарға арналған.