ҚР Парламентінің депутаттары АӨСШК штаб-пәтерін аралады

ҚР Парламентінің депутаттары АӨСШК штаб-пәтерін аралады

Астана, 2024 жылғы 25 қаңтар – ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин және Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған бір топ қазақстандық депутат Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК, Азия Кеңесі) штаб-пәтерінде кездесуге қатысты.

Аудитория алдында сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев депутаттарды Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығының жетістіктерімен таныстырып, 6-шы Саммиттің қорытындыларын атап өтті. Сондай-ақ, ол Астана мәлімдемесін және оны іске асыру үшін қабылданған Азия Кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Жол картасын іске асырудың маңыздылығын назар аударып, алда тұрған АӨСШК институционалдық дамуы бойынша міндеттер мен басымдықтарды белгіледі және Хатшылыққа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және Хатшылық қызметкерлері өз баяндамаларында парламентшілерді Кеңестің қызметі мен жетістіктері, атқарушы органның рөлі мен құрылымы туралы хабардар етіп, мәртебелі қонақтарды қызықтыратын өзекті сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Бақаев пен АӨСШК Бас хатшысы Қ. Сарыбай Азия Кеңесі төрағалығының 2023-2024 жылдарға арналған басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Аталған құжат Азия Кеңесін трансформациялау үдерісін іске асыруға, Кеңесті институционалдық дамытуды ілгерілетуге, жұмыс органдарының қызметін мазмұнды толықтыруға, АӨСШК сенім шаралары каталогын іс жүзінде іске асыруға, Хатшылықтың сыртқы байланыстары мен әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ 2024 жылы ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған нақты іс-қимылдарды қабылдауды көздейді.