Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Жапониямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Жапониямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2024 жылғы 25 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония СІМ Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі, Елші Масаки Икегамимен кездесті.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сұхбаттасушылар жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретін биікжәне жоғары деңгейлердегі сапарлармен алмасу маңыздылығына тоқталды. Ағымдағы жылы өтетін бірлескен іс-шаралардың күн тәртібіне, оның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Тараптар жасыл экономика, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға баса назар аударуды жалғастыратыны туралы уағдаласты.

Анықтама: Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,8 млрд. доллардан асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.