Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 15 желтоқсан – Британ тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық байланыстарды, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясында өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Министр М.Нұртілеу Қазақстан тарапының қазақ-британ стратегиялық әріптестігін жан-жақты тереңдетуге бейілділігін растап, Д. Кэмеронды Астанаға сапармен келуге шақырды.

Тараптар жақын арада Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мемлекетаралық өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР СІМ басшысы Қазақстан Президентінің жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларына ерекше тоқталып, олар екі елдің өзара қарым-қатынасын кеңейту үшін кең перспективалар ашатынын мәлімдеді.

Министрлер сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылады.