Қазақстан мен Кувейт сыртқы саяси мекемелері арасында өткен саяси консультацияларының 1-ші раунды туралы

Қазақстан мен Кувейт сыртқы саяси мекемелері арасында өткен саяси консультацияларының 1-ші раунды туралы

Астана, 2023 жылғы 5 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің Азия елдері мәселелері жөніндегі көмекшісі (Министрдің орынбасары дәрежесінде) Самих Исса Жауһар Хаяттың төрағалығымен Қазақстан – Кувейт саяси консультацияларының алғашқы 1-ші раунды өтті.

Саяси консультациялар барысында тараптар Қазақстан-Кувейт ынтымақтастығының қарышты динамикасы мен болашағын жоғары бағалады және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мен нығайтуға өзара ниеттерін растады.

Тараптар саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Көлік-логистика, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және т.б. көпжақты құрылымдар шеңберінде пікір алмасу өтті.

Шараның соңында тараптар елдеріміз арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында сыртқы саяси мекемелері арасында тығыз диалогты жалғастыруға уағдаласты.