Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады.

Заң мәтінінің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар.