
Астана, 2023 жылғы 21 қараша – Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігінің мемлекеттік министрі, Инвестициялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік министрі, Өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Ганидің Қазақстанға сапары аясында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) оныншы мерейтойлық отырысы өтті. Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева басқарады.
Іс-шара барысында тараптар ҮАК-тың 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін қарады, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сауда, инвестициялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, жасыл энергетика, білім беру және т.б. салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.
Өз сөзінде Н. Нұрбаева Ұлыбританиямен кең ауқымды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ұлыбритания 1993 жылдан бері 21 млрд АҚШ долларынан асатын тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны Қазақстан экономикасына көлемі бойынша жетінші инвестор екенін хабарлады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 58%-ға артып, 1,8 млрд АҚШ долларына жетті.
Өз кезегінде Н. Гани Қазақстанның өңірде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады және британдық тараптың сыни минералдарды өндіру және өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, британдықтардың қатысуымен жаңа оқу орындарын ашу, сондай-ақ өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту саласындағы әріптестікті тереңдетуге мүдделілігін білдірді.
Сапар қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған сыни минералдар саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Жол картасы келісілді, сондай-ақ ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі мен Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі арасында жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар 2024 жылы Лондонда ҮАК-тың кезекті 11-ші отырысын өткізуге уағдаласты.