Қазақстан СІМ басшысы «Total Energies» және «ACWA Power» компанияларының басшылығымен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы «Total Energies» және «ACWA Power» компанияларының басшылығымен кездесті

Астана, 2023 жылғы 17 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында – Kazakhstan Global Investment Roundtable - 2023 шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады.

«Total Energies» француз компаниясының басшылығымен кездесу барысында Қазақстанмен одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, гибридті жобаларды құру, атап айтқанда, Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу мәселелері талқыланды. Бұл компания әлемдегі ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі, Қазақстанда 30 жыл жұмыс істейді және елімізбен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясының басшысымен кездесуде ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіруді 2030 жылға қарай 30%-ға дейін ұлғайту ниетін атап өтіп, компанияның қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жел электр станциясын салу жобасын іске асыру жөніндегі жоспарларын құптады.

«ACWA Power» Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытып, суды тұщыландыру және жасыл сутегі өндіру жобалары бойынша өзінің инвестициялық қызметін кеңейтуді жоспарлауда.