ҚР СІМ-де Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

ҚР СІМ-де Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Астана, 2023 жылғы 24 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері мен ҚР СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Сыртқы саяси ведомствосының бірінші орынбасары Қайрат Омаров өз сөзін ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу атынан жолданған құттықтау сөздерінен бастады. Сөз барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация еліміздің тәуелсіздігін құру жолындағы маңызды қадам болғанын және бұл мереке елімізде белсенді жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік жаңғыртудың жарқын нышаны екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда біз куә болып отырған қазіргі геосаяси жағдайда дипломаттың еңбегі аса сұранысқа ие болып отыр. Бірлескен күш-жігер арқылы біз әрбір Қазақстан азаматының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруда сенімді тірек бола алатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Қ. Омаров.

Республика күніне орай ардагерлер мен дипломаттар ведомстволық наградалармен марапатталды.