Астана, 2023 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Республика күніне арналған спорттық іс-шараларға қатысты. Мереке аясында футбол, боулинг және үстел теннисінен жарыстар өтті.
Футбол турниріне Министрлік департаменттерінің құрама командалары қатысты. Дипломаттар жеңіс үшін күресте өздерінің футболдағы шеберліктері мен табандылықтарын көрсетті. Қарсылас командалар алаңда өз күштерін сынап көрді, бірақ сонымен бірге олар достық атмосфера мен спорттық әдепті сақтады. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша турнирде Консулдық қызмет департаментінің командасы бірінші орындыжеңіп алды, ал екінші орынды Валюта-қаржы департаменті, Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті,«Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК құрама командасы иеленді Адам ресурстары департаменті мен Мемлекеттік протокол қызметінің біріккен командасы үшінші орынға ие болды.
Боулинг жарыстарында дипломаттарымыз жоғары шеберлік пен командалық рухты көрсетті. «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК командасы үздік болып шықты, Америка департаментінің командасы екінші орынға, Халықаралық ақпарат комитеті командасы үшінші орынға ие болды.
Спорттық іс-шаралар аясында теннис турнирі де маңызды болды. Министрлік қызметкерлері өздерінің ептілігін, дәлдігін және кәсіби дағдырларын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Сансызбаев Жаслан (РМК), екінші орынды Қарсақов Ілияс (ССТСЖД) және үшінші орынды Аманбек Әлнұр (КҚД) иеленді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің спорттық іс-шараларға қатысуы олардың белсенді өмірлік ұстанымын, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын және ұжымдағы ұйымшылдығын көрсетеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!