Қазақстан мен Испания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

Қазақстан мен Испания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 18 мамыр - Испания тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Испания Королдегінің Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Аранча Гонсалес Лайямен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон арқылы сөйлесу барысында тараптар әлемдегі коронавирус індетінің жағдайы жөнінде, атап айтқанда оның әрі қарай таралуына жол бермеу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар сондай-ақ екі ел арасындағы саяси байланыстарды жандандыруға және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.