Мысыр Елшісімен қоштасу кездесуі өтті

Мысыр Елшісімен қоштасу кездесуі өтті

Астана, 2023 жылғы 18 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісі Манал Яхья Эль-Шиннауимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, парламентаралық және мәдени байланыстардың даму серпінің оң бағалай отырып, бұл динамиканы келешекте сақтау маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында сұхбаттастар Палестина-Израиль қақтығысы айналасындағы жағдай бойынша пікір алмасып, әскери іс-қимылды ең жақын арада тоқтатудың маңыздылығын атап өтті.

Ә.Бақаев Мысыр Елшісіне Қазақстан мен Мысыр арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесудің соңында Министрдің орынбасары қалыптасқан қарым-қатынастар бұдан әрі де екі елдің игілігі үшін дәстүрлі достық және өзара ынтымақтастық рухында дами беретіндігіне сенім білдірді.